Несиені талдау: «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы қаншалықты тиімді?
226
2020 жылдың желтоқсан айының соңында ҚР Үкіметінде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысын шығару туралы шешім қабылданды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Дәлірек айтқанда, бағдарлама басымдық берілген секторлардағы (негізінен өңдеу өнеркәсібі) компанияларды қолжетімді несиемен теңгелей қамтуға бағытталған. Бұл механизм жалпы экономикадағы және банкке қатысы жоқ заңды тұлғаларға несие берудегі жағдай біртіндеп күрделене түскен екі жылдан бері жұмыс істеп келеді.
Үкімет ҚЗЭ елдегі өңдеу өнеркәсібіндегі жағдайды жақсартуға, өнім шығару көлемін арттыруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін күшейтуге көмектесті деп санайды.
Жеңіл мөлшерлемемен несие беруді көздейтін кез келген қазақстандық мемлекеттік бағдарламаның басында болатын шектеулері мен проблемаларды ҚЗЭ де айналып өтпегенін көрсетеді. Бизнесті қолдау механизмінің құрылымын қарастырсақ, бизнестегі алғашқы қатер бір-екі жылдан кейін пайда болуы мүмкін.
ҚЗЭ деген не?
«Қарапайым заттар экономикасы» – толыққанды бағдарлама деуге келмейді. Бұл – Ұлттық банк пен Үкіметтің ерекше жағдай туғанда банк секторы мен басқа да даму институттарымен бірлесіп қолданбақ болған механизмі.
2018 жылға қарай қаржы институттарында шамадан тыс қаржы жинақталды. Корпоратив секторға берілетін несиелерге сұраныс төмен, жеке тұлғалар тарапынан болған сұраныстың өзі жалпы жинақталған қордың шетін керте алмады. Оны ҚР ҰБ қысқа мерзімді ноталары механизмі арқылы шығаруға тура келді.
Сол кезде Үкімет пен ҚР ҰБ бір схема ұсынды. Ол бойынша банктер салыстырмалы түрде жоғары кірісі бар (11%-ға дейін) облигациялар шығара бастап, оны Ұлттық банк сатып алуы керек болды. Бірақ бұл қаражатты белгілі бір лимит аясында және экономиканың басымдық берілген секторларын несиелеуге ғана пайдалануға болады. Олардың қатарына АӨК (ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу) және өңдеу өнеркәсібі кірді. Бағдарламаның көлемі бастапқыда 600 млрд теңге деп белгіленді. Бір кәсіпкердің қолына 8%-дан аспайтын пайызбен берілуі керек еді. Бағдарлама операторы ретінде «Даму» қоры белгіленді. Несие банктер мен Аграрлық несие корпорациясы арқылы беріле бастады.
Үкіметтің жоспары бойынша, бағдарлама импорттың орнын басуы керек еді. Бағдарлама аясында экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші ( ЭҚЖЖ) аясында нақты салалар тізімі белгіленді. Алайда Министрлер кабинеті өзі үшін ешқандай индикаторларды белгілеген жоқ.
2018 жылғы желтоқсанда шығарылған ҚР Үкіметінің «Қолжетімді несие беру мәселесін шешу үшін ұзақмерзімді теңгелей өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» №820 қаулысы ҚЗЭ-нің құқықтық негізі болды. Ақша мынадай пропорцияда бөлінді: өндіріске 100 млрд, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге 100 млрд, ал қалған 400 млрд – өңдеу өнеркәсібіне.
2019-2020 жылдар аралығында ереже алты рет түзетілді. Жалпы сома 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге лимит 500 миллиардқа дейін, қайта өңдеу – 200 миллиардқа дейін көтерілді, өңдеу өнеркәсібі үшін 300 млрд қалды. Кәсіпкердің қолына тиетін несие мөлшерлемесі 6%-ға дейін түсірілді.
Несиенің шекті мерзімін 7 жылдан 10 жылға дейін ұлғайтты. Қарыз алушылар екі жыл ішінде төлемдер бойынша жеңілдікті кезең алды (қарызды төлеу бойынша да, пайыздар бойынша да). Егер бұрын айналым қаражатын толықтыруға қаражаттың 50%-дан аспайтын бөлігін беруге рұқсат етілсе (Бағдарлама инвестицияға бағдарланған болатын), енді диқан-шаруаларға алынған қаражатты көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға жұмсауға да рұқсат етілді.
Бағдарламаға квазимемлекеттік сектор (мемлекеттің 50%+ үлесі бар кәсіпорындар) қосылды. Қызмет түрлерінің саны 926-дан 953-ке дейін өсті. «Даму» қорына 3 млрд теңгеге дейінгі қарыздардың 50%-ын ғана емес, 3 миллиардтан 5 млрд теңгеге дейінгі қарыздардың 30%-ына кепіл болуға мүмкіндік берді.
Үкімет риза
ҚР Үкіметі «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының «отандық өндірісті дамытудың инвестициялық құралы ретінде өзінің тиімділігін дәлелдегеніне» сенімді. Премьер-министр Асқар Мамин 15 желтоқсандағы отырыста қаңтар-желтоқсан аралығындағы жобалар санының 2,5 есе – 900-ден 2600-ге дейін, ал қаржыландыру көлемінің 216 миллиардтан 700 млрд теңгеге дейін өскенін хабарлады.
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бағдарлама қамтыған салаларда өнім шығару көлемі артып, импорттың азайғанын баяндады. «Дайын, өңделген тауарлар өндірісінің өсуі арқасында импорт үлесі азаюда. Тұтынушылар үшін қазақстандық тауарлар өндірісінің үлесі артып келеді. Мысалы, 2020 жылы отандық өнім өндірісінің үлесі 2,5 пайызға артты. Азық-түлік, құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, жиһаз, машиналар мен жабдықтар өндірісі өсті», – деді министр.
ҚР Үкіметі бағдарламаны жүзеге асыру барысында қадағалаудағы саудада отандық өнім үлесінің өсімі болғанын атап, бір жыл ішінде екі есеге артқанын алға тартады. Жеңіл өнеркәсіп, жиһаз, тамақ өнеркәсібі және құрылыс материалдары өндірісінде – яғни қолдау көрсетілген секторларда отандық өнім шығару қарқыны неғұрлым жоғары болғанын атап көрсетті.
Үкіметтегілер бағдарламаның инвестициялық бағыты жүзеге асты деп санайды. Вице-премьер Роман Склярдың мәліметінше, шамамен 2,6 мың кәсіпорынның 2,3 мыңы жұмыс істеп тұрған өндіріс қуатын жаңартуды және арттыруды көздейді. Тек 332 жоба – жаңа өндіріс.
Құтқарушы ма, қатер ме?
2020 жылдың шілде айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті ҚЗЭ-ні жүзеге асырудағы төмен тиімділік үшін сынға алды. «Бір жарым жыл ішінде бағдарлама шарттары алты рет қайта қаралды, ал барлық қаражаттың бестен бір бөлігі ғана игерілді. Ол – 200 млрд теңгеден астам қаражат. Өңдеу өнеркәсібі субъектілерінің саны және халық тұтынатын тауарлар импортының үлесі бұрынғы деңгейде қалды. Осылайша, біз мақсатсыз және қайтарымын есептемей ақша бөліп отырмыз. Басқаша айтқанда, атауы әдемі басқа бағдарламалар секілді сәтсіздікке ұшырау қаупі туындады. Оның артында қатаң шаралар күтіп тұр», – деді Қ.Тоқаев.
Үкіметке жарты жылға жуық уақыт ішінде тиімділікті арттыруға не көмектесті? Бағдарлама операторы – «Даму» қоры ұсынатын есептерді қарасақ, мынадай қорытынды жасауға болады.
Біріншіден, жыл басында бағдарламаға енгізілген өзгерістердің арқасында жаздың ортасында банктердің қоржынынан жаңа талаптарға сай келетін жобалар шыға бастады.
Екіншіден, бағдарламаға ірі бизнес белсенді қатысуда. Егер 2019 жылы субсидиялау механизмі бойынша ірі кәсіпорындардың небәрі 5 жобасы (жобалардың жалпы санының 3%-ы) өтсе, 2020 жылы 38 (11%) жоба өтті. Салалар лимитін ұлғайту, сондай-ақ неғұрлым ірі жобаларға кепілдік беру аясын кеңейту де рөл атқарды.
Үшіншіден, бизнесті 12-24 ай ішінде несие бойынша міндеттемелерді атқармау мүмкіндігі қызықтырады. Белгісіздік мол екенін ескере отырып, мұндай жағдайлар инвесторлардың келуіне сеп болуда.
Құрылымдық реформалар ұзаққа созылуда, экономика дағдарыста, бірақ шикізатқа тәуелсіз секторға қандай да бір қамшылау қажет. Осыған байланысты ҚЗЭ – экономикаға мемлекеттік сектор ұсына алатын ең жақсы жедел шара болып саналады.
Алайда мұнда да тәуекелдер бар. 11.12.2012 жылғы Үкімет отырысында «несиелеудің барлық бағдарламасы бойынша қаржылық қолдау көлемі айтарлықтай ұлғайтылғаны» мәлімделді. Яғни, «қолдау көрсетілген несие қоржынының сомасы 2 трлн теңгеге жетті және 34 мыңнан астам жоба қамтылды».
Бұл ҚЗЭ мемлекеттік бағдарламалар бойынша қолдаудың барлық көлемінің шамамен 35%-ына ие екенін білдіреді.
Банктердің корпоратив қарыз алушыларға деген несиелерінің қазіргі қоржыны 7,2 трлн, ал басымдық берілген секторларға (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және байланыс) теңгелей несиелері – 3,9 трлн екенін ескерсек, осы нарықтағы мемлекеттік салымның көлемін өлшем түріне қарай 30-50% деп бағалауға болады.
Экономиканы несиелендіруге мемлекет салатын қаржының үлесі артып келе жатыр. Бұл жағдай нарықтық пайыз бойынша несие ала алатын компанияларды мемлекеттік бағдарламаларға жиі қатысуға ынталандырады. Мемлекет тарапынан кепілдік беру құралының кең таралуына қарамастан, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге қаржы алу қиын.
Тағы бір проблема – мемлекеттік қолдау субсидияланған пайызбен беріледі. Ал мемлекеттік бағдарламалардың өзі үнемі ұзартылып отырады. Мысалы, «Бизнестің жол картасы-2020» енді «Бизнестің жол картасы-2025» болып созылды. Бастапқыда 2020 жыл соңына дейін деп есептелген ҚЗЭ бағдарламасы, кем дегенде 2021 жылдың соңына дейін жұмыс істейді және одан әрі созылуы да мүмкін. Бұл экономиканың басым секторларында зомби компаниялардың елеулі тобының қалыптасу қатерін тудырады. Ол – үнемі төмен бағамен қаржыландыруға мұқтаж фирмалар.