Еліміздің ЕЭО елдерімен өзара саудасы 7,1%-ға өсті

393
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 25 585,9 млн АҚШ долларын құраған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Ұлттық статбюро мәліметінше, былтыр қаңтар-қарашада тауар экспорты 8 632,8 млн АҚШ доллары (22,3% көп), импорт – 16 953,1 млн АҚШ доллары (0,7% көп) деңгейінде қалыптасқан.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,3%, Қырғызстан Республикасына – 4%, Беларусь Республикасына – 3,6%, Армения Республикасына – 0,1%-дан келеді.

ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда радиоактивті химия элементтері бойынша 2,1 есе өсім байқалады.

Бұл ретте күйдірілген пиритті қоса алғанда, темір кені мен концентраты бойынша төмендеу байқалады (77,2% аз).

Импортта бидай мен меслин бойынша өсім байқалады – 1,7 есе. Бұл ретте жеңіл автомобиль және өзге де моторлы көлік құралдары бойынша көрсеткіш төмендеген (76,2% аз).


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.