Қазақстанда сатылған 5 көліктің үшеуі елімізде құрастырылған
525
2021 жылы еліміздің машина жасау саласы өңдеуші өнеркәсіптің драйверіне айналып, 20,4 пайыз өсім көрсетті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Energyprom.kz порталына сілтеме жасап.
Елімізде автомобиль өнеркәсібі мен автомобиль құрастыру саласына үлкен үміт артылып отыр.
Тіпті, бұл сала Қазақстан индустриализациясының драйверіне айналуы да ықтимал. Мәселен, өткен жылы авокөлік құралдарын, трейлер мен жартылай тіркемелерді құрастыру 24,3 пайызға, 739,1 млрд теңгеге дейін өсті.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының ресми деректеріне қарағанда, өткен жылы еліміздің машина жасау өндірісінің жалпы көлемінде автокөлік құралдары, трейлер мен жартылай тіркемелер құрастыру 2 өңірде басымдыққа ие болды: Қостанай облысында – 79,7 пайыз (395,9 млрд теңге), Алматыда — 62,6 пайыз (246,9 млрд теңге). Қостанай облысында «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» автозауыты, Алматыда Hyundai Trans Kazakhstan мен Hyundai Trans Almaty зауыттары жұмыс істейді.
Автоөнеркәсіпте Шығыс Қазақстан мен Ақмола облыстарының да үлесі басым. Қазақстан автомобиль бизнесі қауымдастығының мәліметтеріне қарағанда, ҚР автоөнеркәсіп өндірісінің көлемі 782,1 млрд теңгені құрады. Ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 612,8 млрд теңге болған еді.
Айта кетерлігі, Hyundai Trans Kazakhstan мен Hyundai Trans Almaty зауыттары бір жылдың ішінде өндірісті үш есе арттырып отыр. Аталған кәсіпорындар 2020 жылы 100,4 млрд теңгенің, ал өткен жылы 293,7 млрд теңгенің көлігін құрастырған. Еліміздің 1 жылдың ішінде автомобиль өндірісі 20 пайызға артып, 92,8 мың көлік құрастырылды.
Пандемияға байланысты логистикада туындаған қиындықтарға, әлемдегі жартылай өткізгіштер тапшылығына қарамастан автомобиль сату 25,9 пайызға артып, 117,6 мың бірлікке жетті. Өткен жылы сатылған көліктердің ішінде отандық автомобиль үлесі басым түсіп, 62,2 пайызға жетті. Қазақстандық автомобильдер экспорты да бір жылдың ішінде 1,5 пайызға артып, 12,1 мың көлікті құрады.