Қазақстандық компания Ресейге көмектескені үшін Еуроодақтың санкциясына ұшырады

2 525

Фото: Azattyq-ruhyҚазақстандық DA GROUP 22 компаниясы Ресейге көмектескені үшін Еуроодақ санкцияларының 14-пакетіне түсті. Тізімге Қырғызстан, Қытай, Түркия және БАӘ фирмаларын қосқанда барлығы 61 компания кірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Курсив басылымына сілтеме жасап.


Сауда және интеграция министрлігі қазақстандық тараптың Ресеймен саудаға ешқандай санкциялар мен шектеулер қолданбайтынын баса айтты. Сонымен бірге ол өз аумағын Батыс елдерінің санкцияларын айналып өту үшін пайдалануына жол бермеуге тырысады. Осылайша Қазақстан билігі қазақстандық компанияларға санкция салудан аулақ болуға тырысып жатыр.


"DA GROUP 22" ЖШС 2022 жылы құрылған. Бұл – электронды және телекоммуникациялық жабдықтар мен олардың қосалқы бөлшектерінің көтерме саудасымен айналысатын шағын кәсіпорын. Компанияда бір ғана қызметкер бар.


Айта кетейік, Ресей-Украина соғысының басталуының екі жылдығы қарсаңында Еуроодақ пен АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді. Тізімге ЕО мәлімдемесінде айтылғандай, "Ресей әскери-өнеркәсіптік кешенін қолдаған" және "сауда шектеулерін айналып өтуге қатысқан" Қазақстан компаниялары кірді.