Өңір экономикасына жаңа қарқын: "Altay Business" форумы өтті
Өскемен қаласында өткен "Altay Business" форумы қорытындыланып, өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған нақты ұсыныстар мен бастамалар талқыландыөз,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақ басшысы экономиканың дамуы тек пікір алмасумен шектелмей, нақты шешімдер мен жедел әрекетке байланысты екенін жеткізді.
“Біздің басты міндетіміз - бизнес алдында тұрған кедергілерді кезең-кезеңімен жою, қолайлы жағдай қалыптастыру және жобаларды нақты нәтижеге дейін жеткізу. Яғни, артық созбалаңға салмай, рәсімдерді азайтып, нақты іске көшу қажет. Алтай бизнес форумы - бұл қорытынды емес, керісінше жүйелі жұмыстың бастамасы деп білеміз. Бүгін көптеген маңызды ұсыныстар айтылды. Мен ең бастысын атап өткім келеді: біз сіздерді естідік, диалогқа дайынбыз. Әсіресе, "бір терезе" қағидатын жетілдіру және рәсімдерді оңайлату мәселесін ерекше атап өткім келеді. Алайда "бір терезе" тек формат қана емес, ол - тұрақты диалог алаңы. Бұл жерде бизнес пен мемлекет өзара тиімді әрекет етеді, мәселелер жиналмай, жедел шешіледі”, - деді облыс әкімі.
Сонымен қатар, әкім өңірде "бір терезе" қағидаты негізінде кәсіпкерлерге арналған арнайы алаң құру жоспарланып отырғанын айтты.
"Бір терезе" тек формат қана емес, ол — тұрақты диалог алаңы. Бұл жерде бизнес пен мемлекет өзара тиімді әрекет етеді, мәселелер жиналмай, жедел шешіледі. Болашақта бұл кәсіпкерлер өз жобаларын дамытып, қажетті қолдауды жедел ала алатын толыққанды сервис орталығы болады. Сонымен қатар, креативті индустрияларды дамыту орталығын құру мүмкіндігі де қарастырылып жатыр”, – деді облыс әкімі.
Өңір басшысы инвестиция тарту мәселесіне де ерекше тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі таңда өңір экономикасындағы инвестиция үлесі 16–17 пайызды құрайды. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 25–30 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр.







