Сапасыз қызмет көрсеткен ұялы байланыс операторларына қанша айыппұл салынды

2 566

Фото: /azattyq-ruhy.kzЦифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі сапасы қызмет көрсеткен ұялы байланыс операторларына қанша теңге айыппұл салынғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«2019 жылы 51 тексеру жүргізіліп, 10,8 млн теңге сомасына айыппұл салынды. Ал 2020 жылы тексеру саны 93-ке жетті. Салынған айыппұл көлемі - 23,9 млн теңге», - деп атап өтті ведомстводан агенттіктің ресми сауалына орай.


Министрлік мәліметінше, 2021 жылдың қорытындысында 562 тексеру жүргізілді. Оның барысында 371 заң бұзушылық анықталды. Осыған орай ұялы байланыс операторлары 132 млн теңге айыппұл төлеуге мәжбүр болды. 2022 жылы тексеру саны еселеп артты. 1 175 тексерудің нәтижесінде операторларға 1 млрд 670 млн теңге айыппұл салынды. Дегенмен, ұялы операторларға жеңілдіктер беріліп, олар бюджетке 835 млн теңге айыппұл төледі.


«Ал 2023 жылы 782 жоспардан тыс тексеру жүргізілді және 3 млр 288 млн теңге сомасына айыппұл жазып берілді», - деп нақтылайды министрліктен.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.