Қызылорда облысында 4,2 млн тонна мұнай өндірілмек

367
Қызылордада биыл 4,2 млн. тонна мұнай өндіріледі- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «КазМұнайГаз» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары Жақып Марабаевты қабылдады. Жүздесуде Сыр өңірінің даму бағытында бірлесіп атқарылатын жұмыстар талқыланды.

 

Облыс әкімі мұнай компаниясының өңір экономикасын дамытудағы орны ерекше екенін атап өтті.

«Мұнай компаниялары - өңір дамуының локомотиві. Биыл өңірде 4,2 млн. тонна мұнай өндірілетін болса, оның ең жоғарғы үлесі - 35,2 пайызы «КазГерМұнай» біріккен кәсіпорнына тиесілі. Компания - елімізде алғашқылар қатарында кеніштерді игеруге, сол арқылы еңбек өнімділігін арттыруға, шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін ақылды технологияларды енгізді. Сонымен қатар, аймақты көгілдір отынмен қамтамасыз етіп отырған бірден-бір кәсіпорын», - деді облыс әкімі.

Жүздесу барысында Жақып Марабаев «КазГерМұнай» біріккен кәсіпорны» серіктестігінің Бас директорының орынбасары Мұрат Мұстафаевтың жаңа қызметке ауысуына байланысты оның орнына Нұржан Әбдірахмановты таныстырды.