Қазақстан алтын қоры бойынша ТОП-20 елдің қатарында
Қазақстан алтын қоры көлемі бойынша әлемдегі жетекші 20 елдің қатарына кірді. Бұл жөнінде Астанада өткен Халықаралық тау-кен металлургия конгресінде өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан мәлімдеді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Соңғы 10 жылда елімізде алтын кенін өндіру көлемі 2,2 есеге артты.
Вице-министрдің айтуынша, бұл 420 миллиард теңге инвестиция тартуға мүмкіндік берді.
Ол 2026 жылға қарай барлау алаңын 1,9 миллион шаршы шақырымнан 2,2 миллион шаршы шақырымға дейін ұлғайту жоспарланып отырғанын жеткізді.
Қаз
Рус






