Ұлттық банк 1000 теңгелік монетаны айналымға шығарады
Қазақстан Ұлттық банкі «Қазақстанның жер қойнауы» сериясынан ниобийге арналған жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Монеталар 2026 жылғы 12 қазаннан бастап Ұлттық банктің интернет-дүкенінде сатылымға түседі.
925 сынамалы күмістен жасалған монетаға ниобий элементі орнатылған. Номиналы – 1 000 теңге, салмағы – 32,8 грамм, диаметрі – 38,61 миллиметр. Монетаның таралымы – небәрі 1 000 дана.
Ниобий металлургия, электроника, аэроғарыш және атом өнеркәсібінде қолданылады. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.
Аталған монеталар ел аумағында белгіленген номиналына сай төлем құралы болып саналады. Оларды банктерде айырбастауға, ұсақтауға және банк шотына есепке алуға болады.
Қаз
Рус






