Әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізімі кеңейеді

1 616

Фото:jas.kzСауда министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) тізбесін кеңейту туралы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жоба бойынша тізбедегі 19 тауардың саны 33-ке дейін артады. Жаңа тізімге қызанақ, қияр, алма, сиыр мен қой еті, балық, ультрапастерленген сүт, қаймақ,ірімшік, қара шай және басқа да өнімдер қосылады.

ӘМАТ тізбесін кеңейту халыққа негізгі азық-түлікке қолжетімділікті арттыру және бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған шара болып саналады. Тауарларды өндірушілер мемлекеттік қолдаудың жеңілдетілген тарифтеріне, айналым қаражаты және басқа да шараларына қол жеткізе алады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.