6 айда ЕО елдері Қазақстан экономикасына $5,2 млрд инвестиция салған

2 522

Астанада ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «Қазақстан-Еуроодақ» диалог платформасының 13-ші отырысы өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бүгінгі таңда Еуропалық одақ Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі. Еуропалық инвестициялардың жалпы көлемі $175 млрд-тан асты. 6 айда ЕО елдері ҚР экономикасына $5,2 млрд инвестиция салды.

Қазақстанның сыртқы саудасында ЕО үлесі шамамен 30%-ды құрайды. 10 айда тауар айналымы $34 млрд-тан асты. Бұл көрсеткіштер сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға негізделген жүйелі бағытымызды айқындай түседі, — деді Әлихан Смайылов.


Бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау және инвестициялық ахуалды жақсарту Үкіметтің басым міндеттерінің бірі екені атап өтілді.


Біз сапалы және ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға ұмтыламыз. Ол үшін ең үздік әлемдік стандарттарға сәйкес инвестицияларды қолдаудың нормативтік-құқықтық базасы мен құралдары тұрақты негізде жетілдіріліп отырады, — деді Әлихан Смайылов


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.