Бишімбаевтың анасы бұрыңғы келінін сотқа беріп, 6,6 млн теңге өндіріп алған

1 500

Фото: instagram/kazakhstan_akparatҚуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова бұрынғы келіні Назым Қахармандан сот арқылы 6,6 млн теңге өндіріп алды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Даулы мәселе коммерциялық нысанға қатысты. Нұрлыбекова бұл нысанды 2023 жылы Қахарманға сенімгерлік басқаруға берген. Оның айтуынша, бұрынғы келіні ғимаратты жалға беріп, одан түскен табысты аудармаған әрі қаржылық есеп ұсынбаған.

Бастапқыда 14 млн теңгеден астам қаражат талап етілген. Алайда сот талапты ішінара қанағаттандырды.

Сот «NazKa» ЖК-нен:

▪️ 6,6 млн теңге қарыз;

▪️ 66,6 мың теңге мемлекеттік баж;

▪️ 666,5 мың теңге өкіл шығынын өндіру туралы шешім шығарды.

Қалған талаптар қабылданбады. Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Соттың бұл шешімі туралы не ойлайсыз?

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.