Тәжікстанда жол полициясы қазақстандық азаматтан пара сұраған

1 532

Фото:©желі кадрларынан скринТәжікстанда саяхаттап жүрген қазақстандық автоблогер жол полициясы қызметкері өзінен ақша талап еткен,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Ол параның ел беделіне қалай әсер ететінін сынаған. Оқиға Қазақстандық автоблогермен болған. Желілерде бейнежазбада Тәжікстанды аралап жүргенде жол полициясының қазақстандық азаматты тоқтатып жатқаны көрсетілген. Полицей жылдамдықты 40-тан асыра көтердің деп түсіндірген. Дегенмен қазақстандық ондай белгі жоқ екенін айтқан. Видеода жүргізуші мен инспектор арасындағы әңгіме және блогердің полицейге ақша бергелі жатқан сәті көрінеді. Блогердің айтуынша, полиция қызметкері айыппұл салу немесе ұстап қалу үшін себеп іздеп, ақша алуға тырысқан.

“Егер мүмкіндігің болса, ақша болса, бер”, – деген полиция. 

Қазақстандық кейін көлігіне барып ақша әкеліп берген. Алайда блогер отандастарды пара бермеуге шақырған. Айтуынша, мұндай әрекеттер тек нақты қызметкердің беделіне емес, жалпы елдің туристер арасындағы имиджіне де кері әсер етеді.

“Қазақстанда болсаңыздар да, шетелде жүрсеңіздер де пара бермеңіздер. Біз бұл жерде ала ма екен, алмайма екен деген ниетпен тексеріп көру үшін бердік. Сосын Қазақстанның патрульдік полициясы сіздер де шетелдік болсын, өзіміздің азаматтар болсын пара алмаңыздаршы. Киіп жүрген формаларыңыздың абыройын түсіресіздер. Сіздер елдің бет-бейнесісіздер!” – деді ол. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.