Пойызға билетсіз мінген жолаушы көз жұмды

1 513

Фото:©ChatGPT көмегімен жасалған"Жолаушылар тасымалы" компаниясының мәліметінше  оқиға 13-ші шілдеде  жолаушылар пойызында Қандыағаш – Ақтөбе бағытында болған- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Пойыз бастығының айтуынша, жолаушы билетсіз жүрген. Оны вагонға жолсерік мінгізген. Жол үстінде ер адам кенеттен қайтыс болған.

“Вагондағы кондиционердің қалыпты жұмыс істегенін және температуралық режим белгіленген талаптарға сай болған еді”, – деп мәлімдеді компания.

Пойыз Ақтөбе станциясына жеткен соң марқұмның мәйіті қажетті процессуалдық шараларды жүргізу үшін уәкілетті органдардың қызметкерлеріне тапсырылған. Оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша 2 жолсерік пен пойыз бастығы жұмыстан шығарылған. Ақтөбе учаскесінің бастығы мен өндірістік оқыту жөніндегі нұсқаушыға қатаң сөгіс жарияланған. Ал "Батыс" филиалының басшылық құрамына қатысты жұмыстан босатуға дейінгі қатаң тәртіптік шаралар қолдану жоспарланған. Оқиғаның мән-жайын Ақтөбе станциясындағы көліктегі полиция бөлімі тексеріп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, жолаушы екі жақты өкпе қабынуынан қайтыс болуы мүмкін.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.