Педофилдерге заң неге әлсіз?
562
Қызылорда Полиция басқармасының мәліметі бойынша кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы жасалған дерегі бойынша ағымдағы жылда 13 қылмыстық іс тіркелген, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желінің бетін ашсаң ел жаңалықтары қаптап тұр, атап айтқанда, кісі өлтірушілері мен зорлық-зомбылық оқиғалары көптеп кездеседі. Мүгедек қыз баланы зорлау, тіпті топтасып зорлау әрекетіне барғандар да жоқ емес. Мұндай жауыздар адам емес, хайуанмен тең емес пе? Тіпті хайуанның өзі бұлардың жанында анағұрлым сана-сезімі жоғары дәрежеде ме деген ой келеді.
Ал, заңға жүгінбеген жандар қанша ма? Ешкімге жақ ашпай, бармақ тістеп отырған жасөспірімдер қанша екендігі жасырын күйінде қалуда. Бұл әрекеттерді тыю үшін айуандыққа барған жауыздарды мемлекет неге өлім жазасына кеспейді? Зорлық-зомбылық әрекеті үшін бес жылдан сегіз жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы берілген. Не үшін оларға аз мерзім беріліп, мемлекет тарапынан тегін тамақпен қамтамасыз етілуі қажет. Түрмедегі қылмыскерлердің тамағына 2000 теңге қаражат бөлінсе, мектептегі оқушы балаларға небәрі 267 теңге бөлінген. Осылай қылмыскерлердің жағдайын жасап отырған үкіметтің бала тағдырына бей-жай қарап отырғандығы көрініп тұр. Оған дәлел, елімізде 2018 жылдың 1 қаңтарында педофилдерді химиялық кастрациялау заңы күшіне енген еді. Алайда арнайы екпені әр үш ай сайын салып отырмаса, ол екпенің түкке тұрғысыздығы байқалады. Осы препарат үшін мемлекет қазынасынан қыруар қаржы бөлінетіні сөзсіз. Бұл зорлық- зомбылық әрекеттерін жоюдың бірден бір жолы еркектігінен айыру. Халық талабы да осы. Сол уақытта өзге адамдар да тартынып, арам ойын жүзеге асырудан қорқатын еді. Темір тордан босағаннан кейін, тағы да қаншама жанның тағдырын былғамасына кім кепіл. Жасөспірімдердің психикалық та, физикалық та зәбір көруі жалғаса бермек пе? Бір қуантарлығы биыл Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығына орай жасалған рақымшылықта кәмелетке толмағандарға жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандар босатылмайды. Конститутциямыздың бірінші бабында айтылғандай демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары неге аяқ асты қалып жатыр?
Өзекті мәселелердің біріне айналған – жасөспірімдердің, оның ішінде балалардың зорлық-зомбылыққа ұшырауы болып отыр. Әдетте өзіне зорлық жасалғаны жайлы жасөспірімдер ешкімге тыс жарып айтпай, психикалық ауытқуларға ұшырап, көбіне алаңдаулы күйде жүреді. Мені қоғам дұрыс қабылдамайды, әңгіме қылады деп өзін іштей мүжиді. Тіпті ешкімге айта алмай суицид жасағандар да бар. Көп оқиғалар ата-аналардың балаларына салғырт қарағандығынан немесе өз баласына деген сенімсіздігінен болып жатады. Олай дейтініміз, бірінші күйеуінен ажырасып, екінші, тіпті үшінші мәрте тұрмыс құрған ананың балалары болып отыр. Өзіне бақ табамын деп, опық жеп отырғандар да жетерлік. Мысалға, жуырда үш айлық нәрестеге зәбір көрсеткен әкеге жұбайы араша түссе, енді бірі өгей әкесі анасының көзінше қызына зорлық жасағанын көре тұра құзырлы органдарға жүгінбеді. Неліктен? Бала болашағы, болмашы дүниенің қолжаулығына айналғандығы ма? Әлде махаббатың көзсоқыр еткендігі ме? Осының бәрін біле тұра шарасыз күйде үнсіз жүрген жандарда аналық мейірімі мен махаббаты қайда, қалайша байыз тауып, үнсіз қала береді? Расымен, С. Қалиев ағамыз жырлағандай:
«Бақыттың білмей бағасын,
Адасты ма екен анасы.
Ақ екен шанда қараусыз,
Қалдырмаушы еді баласын.
Жетімнің көзі жасты екен,
Удан да дәмі ащы екен.
Әкенің мұз ба жүрегі,
Ананың бауыры тас па екен?!».
журналист,
Балжан АРЫСБАЙ