Республика күніне орай 70%-ға дейін жеңілдіктер жарияланды

2 583

Фото: Zakon.kz.Республика күні мерекесі қарсаңында елімізде кең ауқымды жеңілдіктер науқаны өтіп жатыр. 24–27 қазан аралығында қазақстандықтар азық-түлік пен тұрмыстық тауарларды 10%-дан 70%-ға дейін төмендетілген бағамен сатып ала алады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, Republic Day атты республикалық акцияға 200-ден астам сауда желісі мен онлайн-маркетплейстер қатысуда. Жеңілдіктер дәстүрлі дүкендерде де, интернет-дүкендер мен қосымшаларда да қолжетімді.

Бұған қоса, кейбір банктердің мобильді қосымшалары арқылы FMFEST промокодын енгізген пайдаланушыларға 10 мың теңге көлемінде бонус беріледі.

Министрлік бұл науқанның «Береке Fest» атты республикалық акцияның жалғасы екенін атап өтті. Аталған шара 25 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өткізіліп келеді.

Сонымен қатар, 25–27 қазан күндері Алматы қаласында Республика күнінің 35 жылдығына арналған кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары бұл жәрмеңкеден жергілікті өнімдерді төмендетілген бағамен сатып ала алады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.