Елімізде салынатын 5 мың шақырым жаңа жолға 7 триллион теңгеден астам қаржы бөлінбек
2 404
Көлік министрі Марат Қарабаев "New Silk Way" халықаралық көліктік-логистикалық бизнес-форумында саланы 2030 жылға дейін дамыту жөніндегі негізгі жобалар туралы айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Транскаспий халықаралық көлік бағыты өткізу қабілеті бес есеге артады.
“Дәліз арқылы жүк Қытай Халық Республикасынан Еуропаға дейін 18 күн өтеді. Бұл – ҚХР мен Еуропа арасындағы ең қысқа жол”, — деп атап өтті министр.
Оның айтуынша, аталған дәліз бойынша жүк тасымалдау құны алдағы бес жылда өзгермейді.
“Әзірбайжан, Грузия, Қазақстанның теміржол әкімшіліктері бірлескен кәсіпорын құрды. Бұл кәсіпорын бүкіл маршрут бойынша тасымалдау операторының функцияларын орындайды. Алдағы бес жылда біз тасымалдау құнын тіркедік. Бұл фактор жүк тасымалдаушыларды тартады”, – деді Қарабаев.
Министрдің айтуынша, Қазақстан Қытай мен Еуропа арасындағы жүк айналымынан барынша пайда алу үшін автожол инфрақұрылымына инвестиция салуға ниетті.
“Транскаспий дәлізінен басқа, әуе қатынасында перспектива үлкен. Қазақстанның әуетасымалдарын пайдалану көрсеткіші 90 пайызға артты. Осы тұрғыда министрліктің негізгі міндеттердің бірі — әуежайларымыздың базасында CargoHub (халықаралық көлік-экспедиторлық холдинг) құру. Автожол саласына алдағы алты жылда 5 мың шақырым жаңа жол салып, қайта жөндегіміз келеді. Инвестициялардың жиынтық көлемі – 15 млрд доллар (7 триллион теңге). Бұл Қазақстанның ҚХР мен Ресей Федерациясы, ҚХР мен Еуропа арасындағы толыққанды транзиттік хабқа айналуы үшін жасалуда, – деп түсіндірді Марат Қарабаев.
Тағы да оқыңыздар
Кәсіп еткенге нәсіп мол
2 223