Үкімет елімізде Атом электр станциясын кім салғысы келіп жүргенін айтты
592
Бүгін Үкімет отырысынан кейін "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев тілшілерге Қазақстанда АЭС салуға қатысты сауалға жауап берді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Ресей Федерациясы Үкіметінің басшылығымен өткен ресми кездесулер барысында Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесі талқыланған. Бұл ретте елімізде АЭС салуға жалғыз "Росатом" ғана қызығушылық танытып отырған жоқ екен.
Бұған дейін техникалық-экономикалық ұсыныстарды алдын ала зерделеу тәртібі жарияланған болатын. Сол кезде Франция мен АҚШ-тың екі компаниясы, Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасынан бір-бір компаниядан ұсыныс түсті,- дейді Сәтқалиев.
"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы бұл процеске қатысушылардың барлығымен консультациялар жұмыс тәртібінде жүргізіліп жатқанын, келіссөздер динамикасы мен оның алдын ала нәтижелері туралы бұқаралық ақпарат құралдарына ашық хабарлауға уәде берді.
"Өз жеке пікірімді айтар болсам, электр энергиясына деген қажеттілікті, төмен көміртекті дамуға көшу жоспарларын, ұлттық энергетикалық жүйенің, оның ішінде генерациялаушы қуаттардың тозу деңгейін негізге ала отырып, жаңаларын іске қосу өте қажет. Қазіргі әлемде бар тиімді шешімдердің бірі — АЭС құрылысы", — дейді ол.
Алмасадам Сәтқалиев бұған дейін сұхбаттарының бірінде АЭС салуға барынша қолайлы жер ретінде Алматы облысындағы Үлкен ауылын атаған.