Қазақстан Ресей және Беларусьпен рубль арқылы сауда жасайды
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуға қатысты бөлікте өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарауға алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Депутат Татьяна Савельева заң жобасының маңызына тоқталды.
Аталған заң жобасы Мәжілісте 2024 жылғы 4 тамызда Үкімет қаулысымен енгізілді. Кедендік әкелу баждары сомаларын есепке жатқызу және бөлу тәртібі және оларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер бюджеті кірісіне аудару туралы хаттама Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық банктерінің қарсы міндеттемелерінің сомаларын аудару тетігін айқындайды.
Дауыс беру нәтижесінде комитет заң жобасын қарауға алды.