2 978 теңге қарызы бар қазақстандық банкрот деп жарияланған

2 654

Фото: Ашық дерек көзіӨткен жылдан бастап қазақстандықтарға өзін банкрот деп жариялауға заңды рұқсат берілді. 2023 жылы 8,3 мың қазақстандық «банкрот» статусын алды. Бұл туралы Бірінші кредит бюросынан мәлім етті,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«2023 жылы наурызда жеке тұлғалардан сотсыз банкрот деп жариялауға өтініш қабылдана бастады. Жыл соңына дейін 77 мың өтініш түскен, оның ішінде 62 мың өтініш кері қайтарылды. 8,3 мың қазақстандық банкрот статусын алды. Қарыздың негізгі көрсеткіш сомасы — 962 мың теңге, орташа сома — 1,6 млн теңге, минималды сома — 2978 теңге» делінген хабарламада.  


Еске сала кетейік, 2023 жылы 3 наурызда елімізде банкроттыққа өтінім қабылдау басталды.

Өткен жылы қазандағы жағдай бойынша банкрот деп танылғандар арасында 79 жастағы қария болған.  


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.