Көлік министрлігі ескі вагондарды жаңарту үшін пойыз билеттерін 20% қымбаттатады

2 521

qaz365.kzКөлік министрлігі биыл 1 қазаннан бастап пойыз билеттерінің бағасы 20 пайызға өсетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


КМ баспасөз қызметінің ақпаратынша, елімізде 140 жолаушылар бағыты бар, соның 62-сінде тариф өседі.


«Бұл вагон паркін жаңарту, көрсетілетін қызметтер сервисін жақсарту және жұмысшылардың жалақысын көтеру үшін қажет. Сондай-ақ, соңғы он жылда әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша билет бағасы көтерілмегенін ескерген жөн», - дейді ведомстводағылар.


Жолаушылар вагондары паркі 2 667 бірлікті құрайды, олардың тозу көрсеткіші – 44%. Вагондарды жекеменшік те, ұлттық тасымалдаушылар да жаңартып жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.