Елімізде тұрмыстық техника 18 % қымбаттады

1 121

Қазақстанда тұрмыстық техника бір жылда 18 % қымбаттады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Тоңазытқыш пен мұздатқыш 15,8%- ға, ас үй плиталары 17,2%- ға, кір жуғыш және ыдыс жуатын машиналар 22% -ға, шаңсорғыш 25,1%-ға өскен.

- Кредитке бергенде тегін сияқты болады. Біз оны алып аламыз. Кейін төлеу қиын болады.
- Алмайын десен керек, алайын десен ол ақша.Бәрі кредитке алады. - Шамасы келгендер алады деп ойлаймын.Бөліп төлеуге.Бірақ көбісі алып-алады да, кейіннен төлей алмай, қиналып қысылып жатады.
Тұрмыстық техникалардың дені -импорт. Сондықтан бағаның шарықтауына бірнеше фактор бар,-дейді экономист Мақсат Халық. Оның айтуынша, әлемдегі инфляция мен геосаяси жағдайлар тауар бағасына әсер етеді.

"Импорттық инфляция дейді.Сырттағы тауарлардың қымбаттауы.Яғни ол елге келген кезде одан әрі қымбаттауы. Мысалға биыл доллардың өзі құнсызданды. Ол жақта өйткені Америкада инфляция 8,5 процентті құрады. Ол нені көрсетеді демек Европада да, Америкада да тауарлар бағасы өсіп жатыр", - деді Мақсат.

Бағаның бұлайша құбылуы әлі де жалғасуы мүмкін дейді сарапшылар. Азық-түлік, киім-кешек ғана емес, тұрмыстық заттардың да құны әзір тұрақтала қоймайды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.