Бірқатар компанияның активтері мемлекетке қайтарылды

660
Бірқатар компанияның 200 млрд теңге активі мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

«Монополиясыздандыру аясында «Қазақтелеком» АҚ (28,75%), «Көліктік сервис орталығы» АҚ (100%), «Акмолит» ЖШС (100%) тәрізді және басқа да компаниялардың ақшалай қаражаты мен акциялары мемлекетке берілді. Осы активтердің алдын ала сомасы – шамамен 200 млрд теңге», - делінген Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия таратқан ақпаратта. 

 
Комиссияның атап өтуінше, қазіргі уақытта жекешелендіру, мемлекеттік активтерді олигополиялардың пайдасына иеліктен шығару туралы 8 мыңға жуық Үкімет актілерін және сот шешімдерін прокуратура органдары зерделеп жатыр. Олардың кейбіреулері бойынша прокурорлық ден қою шаралары қабылданды және нақты нәтижелері де бар.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.