Қазақстандықтар қай елге жиі ақша аударады?

2 567

Фото: ашық дерек көзі2023 жылы қазақстандықтар халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы 961,4 млрд теңге жіберді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ranking.kz сайтының мәліметінше, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 7,3% аз. Бұған дейін екі жыл қатарынан шетелге жөнелтілген ақша аударымдарының көлемі 1 трлн теңгеден асты.

Шетелге жөнелтілген қаржы көлемі шетелден түскен қаржы көлемінен 3,1 есе артық болды.

Қазақстаннан ақша аударымдары жіберілген елдердің ішінде Өзбекстан 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында көшбасшы болды: 264 млрд теңге, дегенмен бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,9% аз.

«Одан кейін Ресей, оған 241,4 млрд теңге жіберілді, бұл бір бұрынғымен салыстырғанда 23,2% көп. Сондай-ақ айтарлықтай көлем Түркияға (222 млрд теңге — 2022 жылдың қаңтар–желтоқсанына қарағанда 18,3% аз) және Грузияға (91,8 млрд теңге, бір жылдағы өсім — 29,4%) тиесілі», – делінген хабарламада.

Шетелден түскен ақша аударымдарының көлемі бойынша Ресей көш бастады. Одан Қазақстанға 108,1 млрд теңге жіберілді, бұл 2022 жылғы қаңтар–желтоқсанмен салыстырғанда 3,3 есе аз.

«Одан кейін үлкен айырмашылықпен АҚШ (33,6 млрд теңге), Өзбекстан (33,6 млрд теңге) және Оңтүстік Корея (32,7 млрд теңге) тұр», – делінген хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.