Энергия өндірушілер мен берушілер қыс мезгіліне 95% дайын

1 008
ҚР Энергетика министрі Үкімет отырысында елдегі энергия өндірушілер мен берушілердің дайындығы жайында мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Энергия жүйесінің өткен жылдардағы жұмыс динамикасын ескерсек, біздің бағалауымызша, 2022-2023 күзгі-қысқы кезеңінде энергия жүйесіндегі ең жоғары жүктеме шамамен 16,1 ГВт болады деп күтіліп отыр», - деді Болат Ақшолақов.

Министрдің айтуынша,  өңірлердегі энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың дайындығы 95 пайызға жеткен.

«Энергия көздерінің қоймаларында 4,1 млн тонна көмір және 81 мың тонна мазут жинақталған, бұл бекітілген нормаларға сәйкес келеді. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру рәсімі аяқталды. Нәтижесінде энергия өндіруші ұйымдарға 95 паспорт, энергия беруші ұйымдарға 66 паспорт берілді. Жалпы, министрлік жылыту маусымының, әсіресе аталған өңірлерде өту барысын тұрақты негізде бақылайды», - деді министр.