Қазақстанда тұрғындардың зейнетақы жинағы 15 трлн теңгеден асты

1 924

Қазақстандықтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинағының жалпы сомасы 15,1 трлн теңгеге жетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ranking.kz порталының дерегінше, былтырғы осы уақытпен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі бірден 11,4 пайызға немесе 1,5 трлн теңгеге өсті. Көрсеткіштің өсуі жарналар түріндегі кіріс ағындары, сондай-ақ инвестициялық кіріс есебінен қалыптасты.


Жинақтардың өсуі жарналардың барлық түрлері бойынша байқалады. Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары бойынша жинақ көлемі 11,1 пайызға артып, 14,7 трлн теңгеге жетті. Бұл қазақстандықтардың барлық жинақтарының 97 пайызын құрайды.


Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтары бір жылда 21 пайызға артып, 466,4 млрд теңгеге жетті. Бұл ретте ең көп өсім (2 еседен астам) 3,8 млрд теңгені құраған ерікті зейнетақы жарналары болды.


Өңірлер бойынша зейнетақы жинақтарының ең көп мөлшері Алматыда - 2,8 трлн теңге немесе республикадағы жалпы көлемнің 18,5 пайызы. Одан кейін Астана - 1,4 трлн теңге. Үздік үштікті Қарағанды облысы түйіндеді - 1,2 трлн теңге.


Зейнетақы жинақтарының көлемі бойынша көш бастаған бес аймаққа Шымкент (1,2 трлн теңге) қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы (832,5 млрд теңге) да кірді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.