Зайсаннан Қытайға газ тасымалдау тоқтатылды – Даниал Ахметов не дейді

451
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Зайсан ауданындағы Сарыбұлақ кен орнынан Қытайға газ тасымалдаудың тоқтатылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Сарыбұлақ кен орнындағы газдың қоры 10-12 жылға жетеді деген ақпарат болған. Көгілдір отынды Зайсан қаласының тұрғындары тұтынып отыр. Оған қоса, бір бөлігі Қытайға жіберіледі. Жергілікті халық көрші елге газ тасымдалдау жұмыстарын тоқтатуды талап еткен. Әйтпесе, бірнеше жылдан кейін табиғи ресурс толығымен тауысылады. Аймақ басшысы жергілікті халықпен келісіп отыр.

"Әрине, қазір экспортты тоқтату қажет. Оны уақытша тоқтаттық. Енді бірлескен топ ары қарай жұмыс істейді. Осы жұмыстың нәтижесін күтейік. Халыққа қажетті шешім болуы қажет", - деді Ахметов үкімет отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында.

Айта кетері, энергетика министрі Болат Ақшолақов та осы мәселеге қатысты өз ойын айтқан. Ол Зайсан тұрғындарының талабы ескерілетінін, сондай-ақ арнайы комиссия құрылатынын мәлімдеген болатын.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.