Қазақстан электр қуатын есептегіш құралдарды қай елдерге экспорттап отыр
2024 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда электр энергиясын есептегіштер (калибрленгендерді қоса алғанда) өндірісінің айтарлықтай өскені байқалды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемі 21% өсіп, 198,5 мың дана есептегіш құрал жасалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар электр есептегіштерінің импорты 27% өсті.
Биылғы жылдың алғашқы алты айында 111,3 мың дана өнім импортталды, ал былтырғы сәйкес кезеңде импорт көлемі 87,6 мың дана болды.
Шетелден келетін өнімнің нарықтағы үлесі — 35,9%.
Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында 375 дана есептегіш экспортталды.
Қазақстанның ішкі нарығында 2024 жылдың алғашқы жарты жылында 309,4 мың дана электр қуатын есептегіш құрал сатылды.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында электр энергиясы, сондай-ақ газ және сұйықтық есептегіштері Беларус, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Германия, БАӘ, Қытай, Грузия, Моңғолия және Түркияға экспортталды.
Экспортталған өнімнің жалпы құны — 879,4 мың АҚШ доллары.