Қазақстан электр қуатын есептегіш құралдарды қай елдерге экспорттап отыр

2 128

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Pixabay2024 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда электр энергиясын есептегіштер (калибрленгендерді қоса алғанда) өндірісінің айтарлықтай өскені байқалды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемі 21% өсіп, 198,5 мың дана есептегіш құрал жасалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сонымен қатар электр есептегіштерінің импорты 27% өсті.


Биылғы жылдың алғашқы алты айында 111,3 мың дана өнім импортталды, ал былтырғы сәйкес кезеңде импорт көлемі 87,6 мың дана болды.


Шетелден келетін өнімнің нарықтағы үлесі — 35,9%.


Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында 375 дана есептегіш экспортталды.


Қазақстанның ішкі нарығында 2024 жылдың алғашқы жарты жылында 309,4 мың дана электр қуатын есептегіш құрал сатылды.


2024 жылдың бірінші жартыжылдығында электр энергиясы, сондай-ақ газ және сұйықтық есептегіштері Беларус, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Германия, БАӘ, Қытай, Грузия, Моңғолия және Түркияға экспортталды.


Экспортталған өнімнің жалпы құны — 879,4 мың АҚШ доллары.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.