Қазақстанда доллар күрт қымбаттап кетті
Сауда-саттық қорытындысы бойынша бүгін теңгенің 1 долларға қатысты бағамы күрт қымбаттады.
Доллар бағамы 20 сәуірмен салыстырғанда бірден 2,10 теңгеге өскені белгілі болды.
АҚШ долларының орташа бағамы 431,93 теңгені құраған.
Ұлттық банктің 21 сәуірдегі ресми бағамы: 1 доллар - 429, 76 теңге.
Сонымен қатар, NUR.KZ порталының арнайы парақшасындағы айырбастау бағамына сәйкес, Алматыда айырбастау пункттерінде 1 доллар 432,5-тен 434,5 теңгеге дейін сатылса, сатып алу -. 430,9 - 431 аралығын көрсетіп тұр.
Ал Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 432,07 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны – 430,91 теңге.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстан үкіметі әлеуметтік-экономикалық дамудың 2021 жылға арналған болжамының көрсеткіштері мен индикаторларын қайта қараған болатын.
"2021 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі – 3,1%, мұнай бағасы – бір баррель үшін 50 доллар, ұлттық валюта бағамы бір доллар үшін 425 теңге деңгейінде болжанып отыр", - деді Мамин үкімет отырысында.
Оның сөзінше, 2021 жылға арналған нақтыланған бюджет шығыстары негізінен "Nur Otan" партиясының бағдарламасы мен президенттің 2020 жылы 1 қыркүйектегі жолдауын іске асыруды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар бұл шығыстар пандемиямен күрес шараларын қаржыландыруға және денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға, сондай-ақ экономиканың нақты секторын ынталандыруға бағытталған.
Ұлттық банктің болжамына сүйенсек, 2021 жылы экспорт 10,8 миллиард долларға, яғни 52,2 миллиард долларға дейін ұлғаяды. Импорт 37,1 миллиард долларды құрайды. Инфляция бұрын бекітілген 4,0-6,0 пайыз дәлізде сақталды.