Елімізде 19,7 мың тонна балмұздақ өндірілді

1 407

Қазақстанда соңғы 5 ай ішінде 19,7 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.


Жалпы 2022 жылы Қазақстанда 41,3 мың тонна балмұздақ өндірілді. Осы ретте 9,2 мың тонна өнім импортталған, сырттан әкелінетін өнімнің үлес салмағы – 18,3%. Өзге елдерден балмұздақ жіберетін елдердің алғашқы үштігіне Ресей (5,6 мың тонна), Қырғызстан (2,1 мың тонна) және Түркия (911,5 тонна) кіреді. Сондай-ақ өткен жылы балмұздақ Беларус, Украина, Бельгия, Франция, Италия, Швейцария және Кореядан әкелінді.


«Өткен жылдың 12 айында 5 мың тонна балмұздақ экспортталды. Қазақстаннан өнім ТМД елдеріне (4,9 мың тонна), сондай-ақ Моңғолияға (72,6 тонна) жіберілген», - деп жазды ведомстводан.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.