Фермерлерге әр гектарға 250 доллар табыс ұсынылмақ

2 721

Фото:pixabay.comҚазақстандық фермерлер болашақта топырақты ұқыпты және тиімді пайдаланғаны үшін әр гектардан 250 АҚШ долларына дейін пассив табыс таба алады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Фермер табыс алу үшін жүйеде бірнеше кезең болады. Бірінші қадам — заңнамаға өзгерістер енгізу.

"Біз онда терминологияны бекітіп, осы механизмнің жұмыс істеуі үшін құқықтық база қалыптастырамыз. Фермер үшін болашақта пассив табыс алудың басты шарты — жерге арналған мемлекеттік актінің болуы. Бұл бірінші шарт", - деді ҚР АШМ өкілі.

Келесі кезеңде жер пайдаланушының цифрлық кабинеті іске қосылады. Бұл — комитеттің ақпараттық жүйесіндегі арнайы бөлім. Ол фермерлерге өз жер телімдерінің жағдайын толық көріп отыруға мүмкіндік беретін тегін құрал болмақ.

"Онда фермердің жер учаскесі туралы барлық ақпарат көрсетіледі. Яғни бастапқы нүктеде топырақтың сапалық жағдайы – қозғалмалы калий, фосфор мөлшері, геоботаникасы туралы мәліметтер енгізіледі. Олардың біржылдық не көпжылдық шөптерді еккені, агрохимиялық құрамы — осының бәрі жүйеде сақталады. Динамикада жайылым айналымы бар ма, оны фермер сақтап отыр ма, соны бақылап отырамыз", - деп түсіндірді М. Теміржанов.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.