Талапқа сәйкес келмейтін тонналаған өнім сатудан шығарылды
521
ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сәйкес келмейтін 22 тоннадан астам өнім сатудан шығарылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
«Өткен жылы еліміздің санитарлық-эпидемиологиялық қызметі өнімнің қауіпсіздігін бақылау бойынша бірқатар міндеттерді орындады. Соңғы 7 жылда азық-түлікке жатпайтын тауарлардың өнім талабына сәйкес келмеуі 8% өскені байқалады. Ал тамақ өнімдері бойынша төмендеу байқалады, 30,1% -дан 11% - ға дейін азайған. Мониторинг нәтижесі бойынша 27 млн теңгені құрайтын санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сәйкес келмейтін 22 тоннадан астам өнім сатудан алынды», - деді Марат Шоранов министрлік алқасының кеңейтілген отырысында.
Оның айтуынша, профилактикалық бақылау қорытындысына сәйкес, шетелден өнім әкелетін 40 субъектінің аккредитациялық аттестаты тоқтатылып, 12 мекеменің сертификаты кері қайтарылды. «Пандемия басталғалы халықаралық тәжірибе, эпидемиологиялық жағдайды және коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату басты назарда. Осы орайда індеттің алдын алу, емдеу және карантин талаптары эпиджағдайға сәйкес үнемі жетілдіріліп келеді», - дейді ол.