Ресейден әкелінген 63 мың жұмыртқа Қазақстанға кіргізілмеді

2 568

Фото: АШМ«Сырым» ветеринариялық бақылау бекетінде Самар облысынан (РФ) Қызылорда облысына бағыт алған жүк көлігі тоқтатылды. Тексеру барысында көлікте 63 000 тауық жұмыртқасы тасымалданып келе жатқаны анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринариялық-санитариялық талаптарының бұзылғаны туралы хабарлады.

— Құжаттық бақылау нәтижесінде ветеринариялық сүйемелдеу құжаттарында көрсетілген жүк жөнелтуші Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына жануарлардан алынатын өнімді жеткізуге рұқсаты бар ұйымдар тізіміне енбегені анықталды. Осыған байланысты жүк кері қайтарылды. Жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Тасымалдаушыға ветеринариялық-санитариялық нормалардың талаптары түсіндірілді, — делінген комитет таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, 2025 жылдың басынан бері Қазақстанның ЕАЭО елдерімен шекарасында ветеринариялық-санитариялық инспекторлар 57 185 көлік құралын және шамамен 738 мың тонна мал шаруашылығы өнімін тексерді. Нәтижесінде 1 020 көлік кері қайтарылып, 397 әкімшілік хаттама рәсімделді. Айыппұлдардың жалпы сомасы — 19,7 млн теңге.

Үшінші елдермен шекарадағы өткізу пункттерінде 21 654 автокөлік, 69 802 теміржол құрамы, 257 теңіз кемесі және 2 139 241,2 тонна мал өнімдері тексерілді. Нәтижесінде 24 автокөлік кері қайтарылып, 24 әкімшілік хаттама толтырылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.