Ресейден әкелінген 63 мың жұмыртқа Қазақстанға кіргізілмеді
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
«Сырым» ветеринариялық бақылау бекетінде Самар облысынан (РФ) Қызылорда облысына бағыт алған жүк көлігі тоқтатылды. Тексеру барысында көлікте 63 000 тауық жұмыртқасы тасымалданып келе жатқаны анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринариялық-санитариялық талаптарының бұзылғаны туралы хабарлады.
Айта кетейік, 2025 жылдың басынан бері Қазақстанның ЕАЭО елдерімен шекарасында ветеринариялық-санитариялық инспекторлар 57 185 көлік құралын және шамамен 738 мың тонна мал шаруашылығы өнімін тексерді. Нәтижесінде 1 020 көлік кері қайтарылып, 397 әкімшілік хаттама рәсімделді. Айыппұлдардың жалпы сомасы — 19,7 млн теңге.
Үшінші елдермен шекарадағы өткізу пункттерінде 21 654 автокөлік, 69 802 теміржол құрамы, 257 теңіз кемесі және 2 139 241,2 тонна мал өнімдері тексерілді. Нәтижесінде 24 автокөлік кері қайтарылып, 24 әкімшілік хаттама толтырылды.
Қаз
Рус






