Қазақстан экономикасы қандай күйде: Министр пікір білдірді

328

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Жанар КаримоваҰлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев үкімет отырысында үстіміздегі жылдың қаңтар-наурызында жалпы ішкі өнімнің өсім қарқыны минус 1,6 пайызды құрағанын мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша макроэкономикалық көрсеткіштер жақсарған.
 "Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны осы жылдың қаңтар-ақпанындағы минус 2,9 пайыздан қаңтар-наурызда минус 1,6 пайызға дейін жақсарды", - деді Әсет Ерғалиев.

Ол жылдық инфляция 7,0 пайызға дейін баяулағанын жеткізді.

Кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, нақты секторда өсім 7,9 пайызға дейін жеделдеді, ал негізгі капиталға инвестициялар 34 пайызға артты. 

Нақты сектордың көп саласы тұрақты өсім көрсеткен. Олар: құрылыс, сумен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау және ауыл шаруашылығы. Сонымен қатар ақпарат пен байланыс саласында 9,9 пайыз өсім байқалады. 

Өңдеу өнеркәсібі саласында өсім 7,5 пайызды құрады. 13 өңір оң өсім көрсетсе, 3 облыста төмендеу байқалып отыр, олар: бензин, керосин және мазут өндірісінің қысқаруы салдарынан Атырау облысында, болат құбырлар мен профильдер, бензин мен дизель отыны өндірісінің төмендеуіне байланысты Батыс Қазақстан облысында, мақта және табиғи уран өндірісінің азаюы салдарынан Түркістан облысында. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.