Елімізде 1 шілдеден бастап темекінің бағасы өседі

2 612

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ашық дерек көзіҚазақстанда 1 шілдеден бастап темекі өнімдерінің бағасын 820 теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Ашық НҚА" порталында қаржы министрлігі басшысының тиісті бұйрығы пайда болды.


“1 шілдеден бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда, фильтрлі, сүзгісіз 20 темекіге, темекіге, сигариллаға және жылытылатын темекі бұйымдарына бөлшек сауданың ең төменгі бағасы – 820 теңге, 2025 жылы 1 қаңтардан бастап 870 теңге болып бекітілсін”, – делінген құжатта. 


Биыл қаңтардан бастап бекітілген ең төменгі баға 20 темекіге 770 теңге болды. 


1 қаңтардан бастап темекі өнімдеріне акциз ставкасы өткен жылмен салыстырғанда 12,8% өсті.  


Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ақпан айында елдегі инфляция – 9,3%. Сондықтан "Атамекен" ең төменгі бөлшек сауда бағасын 20 темекіге көтеруді ұсынды. 


Бұйрық 1 шілдеден бастап күшіне енеді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.