Қазақстан Ауғанстанға экспорттайтын бидай мен ұнның, астық өнімдерінің көлемін ұлғайтпақ

2 528

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Мұхтар Холдорбеков/Kazinform


«Біз Ауғанстанға экспорттайтын бидай мен ұнның, астық өнімдерінің көлемін ұлғайтпақшымыз. Ол үшін балама маршрутты пысықтап жатырмыз. Өйткені Сарыағаш, Келес арқылы Мазари-Шарифке өтетін солтүстік маршрут шектен тыс жүктелген. Өйткені тасымал тығыздығы жоғары, біз жақта да, Өзбекстан жағында да инфрақұрылым айтарлықтай ескі. Оның үстіне Ташкент агломерациясы бойында жатыр. Сондықтан қазір 2025 жылы іске қосылатын Дарбаза-Мақтаарал бағытындағы жаңа жолға мән беріп отырмыз. Біз сол жерде өнеркәсіп кооперациясының үлкен халықаралық орталығын салып жатырмыз. Бұл станса өзбектің Сырдария стансасы арқылы өтетін жаңа станса болады. Ол бірден Жызақ, Бұқара арқылы Түрікменстан мен Ауғанстанның батысына өтеді. Әңгіме кезінде ауғанстандық әріптестердің өзі бізге елдің батыс аймағына көңіл бөлуді сұрады. Бұл – Герат қаласы. Оның жанында Хорасан дейтін ортақ атауы бар Иранның бірнеше провинциясы орналасқан. Ол аумақта бірнеше миллион адам тұрады. Яғни, айтарлықтай нарық», - деді Серік Жұманғарин.


Оның сөзінше, қазір Қазақстан Ауғанстанға жыл сайын 500-600 мың тонна астық экспорттап отыр.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.