Жақсы зейнетақы алу үшін не істеу керек: Еңбек министрі жолын айтты

2 524

Фото: depositphotosЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев қазақстандықтарға болашақта жеткілікті зейнетақы алу үшін еңбек өтілін үздіксіз қалыптастырудың маңызын атады,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, зейнетақы жүйесі тұрақты жинақтау қағидасына негізделген, сондықтан азаматтар жұмысқа кіріскен сәттен бастап міндетті зейнетақы жарналарын жүйелі түрде аударып отыруы қажет.

Министрдің сөзінше, университетті аяқтап, еңбек жолын бастаған азамат тұрақты жұмыс істеп, кәсіби тұрғыда біртіндеп дамыса, уақыт өте келе жеткілікті көлемде зейнетақы жинай алады. Бұл ретте жоғары жалақысы бар жұмысқа міндетті түрде ұмтылу басты шарт емес екені де айтылған.

Сонымен қатар Асқарбек Ертаев жастардың зейнетақы жинауды нақты қай жастан бастауы немесе лайықты төлем алу үшін қандай табыс деңгейі қажет екені бойынша мемлекеттік органдар арнайы есеп жүргізбейтінін жеткізген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.