Тауарлар экспорты 5,1%-ға өсті

2 688

Фото: pixabay.comТауарлар экспорты 5,1% - ға өсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Биылғы 10 айдағы сыртқы сауда айналымы 116,9 млрд доллар. Қазақстандық тауарлардың экспорты 5,1%-ға өсті, яғни – 68,5 млрд доллар.  Бұл ретте өңделген тауарлардың экспорты 10,2%-ға ұлғайып, 23,3 млрд долларға жеткен.  

Шикізаттық емес экспорттың тұрақты өсуі көбінесе қазақстандық тауарларды Қытай мен Түркияға  жеткізу, сондай-ақ Еуропа нарықтарымен байланысты. Биылғы қызмет көрсету экспорты да 10,5%-ға өсіп, 8,4 млрд доллар деңгейінде тіркелді. Ал импорт  3,3%-ға қысқарды. Импорттың төмендеп, экспорттың ұлғаюы себепті экономиканың оң сауда балансы 33,4%-ға өскен. Көрсеткіш 20,1 млрд доллар. 




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.