Қазақстан Әзербайжанға 200 мың тонна астық пен бұршақ дақылдарын экспорттауда
456
Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Әзербайжан Үкіметі арасындағы Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Келісімді ратификациялау бойынша заң жобасын қабылдау мыналарды қамтамасыз етеді:
- карантинге жатқызылған өнімнің орнын ауыстыру кезінде елдердің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында одан әрі ынтымақтастықты дамыту;
- екі ел аумағының фитосанитариялық жай-күйі туралы өзара хабардар ету;
- зерттеу және диагностикалау тәжірибесімен алмасу бөлігінде өсімдіктер карантині жөніндегі ғылыми ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру.
2010 жылғы 29 сәуірден бастап Қазақстан Халықаралық өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі конвенцияның (ХӨКҚК) мүшесі саналады. Қазақстан Республикасының қабылданған халықаралық міндеттемелері фитосанитариялық іс-шаралар бойынша халықаралық стандарттардың сақталуын және қолданылуын көздейді. Осы талаптарды сақтау екі ел аумағында тиісті фитосанитариялық жағдайды қамтамасыз етеді, - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев
Келісімді ратификациялау бойынша заң жобасын қабылдау мыналарды қамтамасыз етеді:
- карантинге жатқызылған өнімнің орнын ауыстыру кезінде елдердің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында одан әрі ынтымақтастықты дамыту;
- екі ел аумағының фитосанитариялық жай-күйі туралы өзара хабардар ету;
- зерттеу және диагностикалау тәжірибесімен алмасу бөлігінде өсімдіктер карантині жөніндегі ғылыми ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру.
Қазіргі кезде Қазақстаннан Әзербайжанға өсімдік шаруашылығы өнімдері экспортының жалпы көлемі шамамен 200 мың тоннаны құрап отыр. Оның ішінде негізгі көлем дәнді дақылдар (бидай, арпа, сұлы) болса, сондай-ақ экспортқа шығарылатын өнімнің біраз бөлігі күріш пен бұршақ дақылдарынан тұрады. Өз кезегінде Әзербайжаннан Қазақстан аумағына жылына шамамен 14,5 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдері келеді. Әзербайжаннан келетін импорт негізінен алма, алмұрт, анар, жүзім, жаңғақ және цитрус жемістері түрлерінен тұрады, - деді министр.