Қазақстандықтар депозиттеріне түсетін өтемақыны бүгіннен бастап алуына болады

1 671
Қазақстандық салымшылар депозиттеріне түсетін өтемақыны бүгіннен бастап ала алады , деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Депозиттерге түсетін өтемақы алу үшін 2 623 010 қазақстандықтан өтініш түскен.

Салымшылар 24 ақпаннан бастап, өз депозитінен ішінара немесе толығымен ақша алуға құқылы. Бұл ретте өтемақысы жойылмайды. Сыйлықақы салым бойынша банк төлейтін сыйақы мөлшерлемесінен бөлек есептеледі. Сондықтан салымнан жартылай немесе толық көлемде ақша алар кезде банк шартының талаптарына назар аударған жөн. Онда салымнан мерзімінен бұрын ақша алуға байланысты сыйақының бір бөлігі жойылатындығы айтылуы мүмкін, - делінген  Қазақстанның депозиттеріне кепілдік беру қорының  хабарламасында.

Айта кетейік, 10% мөлшерінде өтемақы төлеуді көздейтін, теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасы жинақ, мерзімді, мерзімсіз, білім беру жинақтау салымдарына және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесіндегі жинақ қаражаттарға қолданылды. Бағдарлама 2023 жылы 23 ақпанда аяқталды.