Ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібіне инвестиция көлемі азайған

913
Ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібіне инвестиция көлемі азайған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Биылғы бес айда ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемі азайған. Мұндай деректерді Ұлттық статистика бюросы жариялады.

«2022 жылдың қаңтар-маусым аралығында ауыл, орман және балық шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялардың көлемі - 342,9 млрд теңге. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 пайызға аз. Инвестицияның 155,4 млрд теңгесі Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан сияқты астық егетін облыстарға бағытталды. Қаржының 63,2 пайызы бір және екіжылдық дақылдарды өсіруге, ал 25,9 пайызы мал шаруашылығын дамыту үшін жұмсалады. Биылғы бес айда өңдеу өнеркәсібіне 599,1 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,2 пайызға аз. Инвестициялардың 78,8 пайызы - меншікті қаражат. Өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестицияның 68 пайызы металлургия өндірісіне, химия өнеркәсібі мен тамақ өнімдерін өндіруге бағытталды», - деп бес айдың қорытындысын жариялады Ұлттық статистика бюросы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.