Қазақстанда күнбағыс майы жеті есеге қымбаттаған – Зерттеу нәтижесі

407

Қазақстанда 2020 жылдың қазан айынан бері күнбағыс майының қымбаттауы байқалған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.


Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі зерттеуден кейін Қазақстанда күнбағыс майы көп шоғырланған нарық деген тоқтамға келген. Дегенмен отандық өндірушілер тұтынушыларды өніммен толық қамти алмай отыр. Қазір импортты тауарлардың үлесі 30%-ға жеткен. 

Агенттік мәліметіне сүйенсек, бағаның өсуіне шикізат сатып алу құнының өсуі, әлемдік баға, егістіктің аз болуы, судың қымбаттауы, шетелдік тауарға тәуелділік сынды факторлар себеп болған. 

"Аталмыш нарықта бәсекенің дамуын әкімшілік тосқауылдар арқылы ұстап отырмыз", - деп мәлімдеді агенттік қызметкерлері

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі көрсетілген сараптама нәтижелерін Ұлттық экономика министрлігіне жіберіп, 2022-2024 жылдары инфляцияны бақылау және төмендету бойынша тиісті шаралар ұсынған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.