RUB (+0.03) 7.96 KZT
USD (-1.36) 476.62 KZT
EUR (-3.40) 485.53 KZT
Экономика
293

Тұқым шаруашылығына 11,8 млрд теңге бөлінді – министр

ҚР Ауыл шаруашлығы министрі Ербол Қарашөкеев: Биыл алқаптарға себілген тұқымның 92 пайызы бірінші және екінші класты болды дейді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

 «Биыл көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 400,2 мың тонна көлемінде дизель отыны бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мың тоннаға артық. Жеткізу, сақтау және өткізу бойынша облыс операторларының шығыстарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін орташа баға литріне 200 теңгені құрады. Бұл орташа алғанда 15%-ға арзан. 7 маусымдағы жағдай бойынша жоспардағы 400,2 мың тонна дизельдің 378,5 мың тоннасына немесе ақша төленіп, 359 мың тонна жөнелтілді. Жалпы жанармай бекітілген кестеге сәйкес жеткізіледі», - деді Ербол Қарашөкеев.

 
Сондай-ақ, биыл себілген тұқымның сапасы туралы мәлімет берді.

«Тұқым тапшылығы оның ішінде ресейлік селекция бойынша байқалмады. Заңнамада қарастырылған тұқым сараптамасы жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша оның 99%-ы кондициялы деп танылды. Ал 92%-ы себу стандартының 1 және 2-сыныбына сәйкес келеді. Жалпы, тұқым шаруашылығын қолдауға биыл жергілікті бюджеттерде 11,8 млрд теңге қарастырылған», - деді ведомство басшысы.

Министрліктің болжамы бойынша, биыл астық шығымы былтырғыдан 15 пайыз жоғары болады.