Франция Қазақстан экономикасына 458,4 млн доллар инвестиция құйды

2 509

Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 2,7 млрд долларды құрады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Франция президенті Эммануэль Макрон келді. Екі елдің басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық мәселелер бойынша келіссөз жүргізеді.


1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда Францияның 138 компаниясы бар Олар негізінен сауда (39), кәсіби, ғылыми, техникалық қызмет (22), ақпарат және байланыс (10) салаларында жұмыс істеп жатыр.


2023 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 2,7 млрд долларды құрады. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21%-ға артық.


Экспорт 20%-ға өсіп, 2,8 млн тоннаны, ал ақшалай есептегенде өсім 2,9%-ды немесе 1,8 млрд долларды құрады.


Жеткізудің негізгі көлемі мұнайға тиесілі болды. Нақты тәтиже 2,8 млн тоннаға жетіп +22%-ға жетті.


Қазақстан Францияға 864,5 тонна химиялық радиоактивті элементтер мен изотоп және 2,4 мың тонна титан мен одан жасалған бұйым сатты.


Мемлекетаралық импорт 36,3%-ға, заттай 43,3 мың тоннаға, ақшалай 1,9 есе немесе 889,6 млн долларға дейін өсті.


Қазақстан Франциядан 860,6 тонна фармацевтикалық өнім сатып алды.


Биыл бірінші жартыжылдықта Франция Қазақстан экономикасына 458,4 млн инвестиция құйды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе  көп көрсеткіш. Қазақстан Францияның экономикасына 100 мың доллар қаржы салды.