Еліміздің бірнеше кен орны мұнай өндіру жұмысын тоқтатты

1 260

Электр қуатын өшіру салдарынан бірнеше кен орнында мұнай өндіру жұмысы тоқтатылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" апарат агенттігі «ҚазМұнайГаз» ҰҚ акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында (МАЭК) энергия блогының ажыратылуына байланысты Маңғыстау және Атырау облыстарындағы «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ кен орындарында мұнай өндіру жұмысы жартылай және толық тоқтатылды.


Ұңғымалардағы жұмыс электр қуаты қосылғанда қайта басталады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.