2023 жылы Батыстағы электр желілерін күшейту жобасы аяқталады - министр

950
Үкімет отырысында энергетика министрі Болат Ақшолақов 2023 жылы Батыстағы электр желілерін күшейту жобасы аяқталатынын айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Ұлттық электр желілерін жаңғырту жұмысы жүргізілуде. Оның ішінде Батыс энергия аймағы электр желілерін күшейту бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2023 жылы аяқтау көзделіп отыр», - деді ведомство басшысы.

Ал Оңтүстік энергия аймағының электр жүйелерін күшейту бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатқан көрінеді.

«Негіздеме дайын болғаннан кейін жобаны іске асырудың параметрлері мен мерзімдері айқындалады», - деді Болат Ақшолақов.

Айта кету керек, Үкіметтің кешегі кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Оңтүстік және Батыс аймақтардың электр желісін күшейту жұмыстары жеткіліксіз қарқынмен жүргізіліп жатқанын сынаған еді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.