«Даму» Қоры цифрлық теңгемен алғашқы несие берді

2 542

Фото: freepik«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық банк қолдауымен «Өрлеу» бағдарламасы аясында цифрлық теңгемен берілген алғашқы жеңілдетілген несиені рәсімдеді. Несие Halyk Bank арқылы жылына 12,6% мөлшерлемемен ұсынылды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Алғашқы несие алушы — павлодарлық кәсіпкер Виталий Кремберг. Ол үй жануарларына арналған гигиеналық түйіршік өндіретін кәсіпорын салмақ. Жобаға 250 млн теңге бөлінді, мерзімі — 7 жыл.

Цифрлық теңге несиесінің басты артықшылықтары — онлайн рәсімдеу, қаражаттың тез түсуі, салық тексерістерінің болмауы және ҚҚС қайтару мерзімінің қысқаруы.

Бағдарламаға қатысу Halyk Bank, ЦентрКредит, ForteBank, Bereke Bank, Еуразиялық банк, Freedom Bank, Nurbank, RBK Bank және KZI Bank арқылы мүмкін.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.