Қазақстанда 420 мың тонна күнбағыс дақылы бар

2 516

Фото: PexelsҰлттық статбюро Қазақстанда қолда бар күнбағыс дақылы туралы ақпарат жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


2024 жылғы екінші тоқсандағы дерекке сенсек, елімізде азық-түлік бағытындағы күнбағыстың 419,9 мың тонна көлемі бар (шаруашылық жүргізуші 404 субъектіде). 


Жалпы көлемнің 165,7 мың тоннасы 24 май зауытында тіркелген. Бұл ретте көрсетілген көлемнің 98,2% тек 11 май зауытына тиесілі. 


131,4 мың тонна күнбағыс өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілерде (257 респондент), 55,9 мың тонна — «жинау және сақтау» қызметімен аталған субъектілерде (28 респондент) шоғырланған.